Түркиядан Қазақстанның 13 азаматы мен олардың отбасы ұшақпен елге жеткізілді

18.02.2023 17:04

Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы елшілігі әлеуметтік желіде жариялады

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі

Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарынан Қазақстанның 13 азаматы мен олардың отбасы мүшелері қазақстандық ұшақпен елге жіберілді. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы елшілігі әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

«17 ақпанда Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен Түркиядағы жер сілкінісі болған аймақтардан Қазақстанның 13 азаматы мен олардың отбасы мүшесі және Түркияның 2 азаматы Қазақстаннан келген ұшақпен Алматыға қайтарылды», – делінген жазбада.