Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды
Еліміздің сыртқы істер министрлігі және бас прокуратура Ақжарқынды елге қайтару бойынша арнайы хат жолдамақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қытай түрмесінде есірткі сатты деген айыппен отырған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбай өлім жазасынан өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның сөзінше, осындай нәтижеге қол жеткізудің өзі адвокаттар мен дипломаттарға оңай соқпапты. Ақжарқынның отбасы және қорғаушылары одан да жеңіл жазаға қол жеткізуді көздеп отыр екен. Айбек Смадияровтың айтуынша, соттың нақты шешімінен кейін, еліміздің сыртқы істер министрлігі және бас прокуратура жазасын өтеушіні елге қайтару бойынша арнайы хат жолдамақшы.

Еске сала кетейік, отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген.

Новости партнеров