Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ №51/52 «Алматы-2 – Орал» бағытындағы пойыз 2020 жылғы 2 желтоқсаннан бастап қайта жолға шығатыны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Акционерлік қоғамның мәліметінше, пойыз Алматы-2 стансасынан жұп күндері жөнелтіліп, Орал стансасына 2020 жылғы 4 желтоқсаннан бастап келетін болады.
«Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ресімдеулерін және коронавирустық инфекцияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды»,– делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.