Бұл туралы Данияр Әлкебайұлы айтып берді
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысып, Мемлекет басшысының әлеуметтік төлемдерді арттыруға қатысты Жолдауының негізгі тезистерін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Данияр Әлкебайұлының айтуынша, технологиялардың қарқынды дамуы аясында еңбек нарығында Жұмыспен қамтудың жаңа икемді түрлері пайда болды, олар пандемия кезінде ерекше өзекті болып, көптеген азаматтардың еңбек қызметін өзгертті.
«Бұл ретте, «тәуелсіз қызметкерлер» деп аталатын бұл санат олардың еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты жұмысынан немесе табысынан айырылған жағдайда да әлеуметтік қорғалмаған күйінде қалып отыр, ол медициналық сақтандыру жүйесін қоса алғанда, ешқандай әлеуметтік кепілдіктермен қамтылмаған. Осыған байланысты, мұндай қызметкерлердің жұмыспен қамтылу нысаны мен сипатына қарамастан, бірлескен жұмыс (бір жұмыс орнында жұмыс істейтін екі адам), қатар жұмыспен қамту (екі жұмыс орнында бір қызметкер), жылжымалы кесте және т. б. еңбек құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін енгізу қажеттілігі туындады», - деп түсіндірді ӨКҚ спикері.
Бұл «тәуелсіз қызметкерлердің» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді алуға және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқығын қамтамасыз етеді.
«Бұл ретте Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткендей, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жарна төлеген азамматар үшін жұмысынан айрылған кезде әлеуметтік төлемдер мөлшері орташа айлық табыстың 45%-ына дейін және бала күтімі бойынша төлем мерзімдері 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтылады», - деп қосты Данияр Әлкебайұлы.
Сонымен қатар, ведомство өкілі елімізде ең төменгі жалақы мөлшері арттырылатынын хабарлады. Қазақстан Республикасында ең төменгі жалақы ең төменгі әлеуметтік стандарт болып табылатынын айта кету керек.
Сонымен қатар, жұмысшылардың жалақысының төменгі шегі ретінде ең төменгі жалақы мөлшері барлық жұмыс берушілер үшін міндетті болып табылады. Және тиісті қаржы жылына жыл сайын республикалық бюджет туралы ҚР Заңымен белгіленеді және ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы тиіс.
«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылатынын айтып өтті. Ең төменгі жалақы өскен жағдайда бұл деңгейде жалақы алатын 1,8 млн адамды тікелей қамтуға мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ қызметкерлердің разрядтары мен біліктілігінің еңбекақы төлеудің өсуіне ықпалын ескере отырып, жалақы алатын азаматтардың табысын ең төменгі жалақыдан жоғары деңгейде арттыруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді спикер.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Үкіметке динамикалық тәсілге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесін енгізуді тапсырды.
Бұл тапсырма уақытылы және өзекті болып табылады, өйткені инфляция бір орында тұрмайды, азық-түлік, тауарлар бағасы қымбаттайды.
Осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді ескеретін әдістеме негізінде ЕТЖ мөлшерінің мөлшерлес өсуін қамтамасыз ету қажет.
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламалары мен материалдарын тарату кезінде ӨКҚ-ға сілтеме жасау міндетті.