Бейберекетсіздікке жол жоқ: Ақтөбе облысында қосымша бағдаршамдар орнатылды

12.01.2024 17:05

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі мейлінше ескерілді

polisia.kz

Ақтөбе облысында қосымша 86 бағдаршам нысаны іске қосылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жаңа бағдаршамдардың  орналасу орындары полиция қызметкерлерімен көше-жол торабы мен автомобиль жолдарына жүргізілген зерттеулердің, сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-тілектерін зерделеудің негізінде анықталды. 

Облыс орталығында жаңа бағдаршам объектілерін орнатуға ұсыныс жергілікті атқарушы органдарға өткен жылы жолданды. Бастама мақұлданып, бүгінгі күні 86 бағдаршам объектісі орнатылуда. Оның ішінде 56 шақыру батырмасы бар реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткеліне қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бағдаршам нысандарын орнату кезінде жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі мейлінше ескерілді.

 – Елді мекендердегі жол қозғалысының қауіпсіздігі мен инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған шаралар бізбен тұрақты түрде атқарылып, жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар жүйелі түрде жолданып отырады. Қазіргі таңда жаңа бағдаршамдарды электр желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері олар кезең-кезеңмен қолданысқа берілетін болады. Бұл ретте, барлық жол қозғалысына қатысушылардан жолда ұқыптылық танытуға, жол ережелерін қатаң сақтап, бағдаршам талаптарына қатаң бағынуды сұраймыз, – дейді облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Өтеген.

Оқи отырыңыз: Жеңілдетілген несиеге, жеңіл көлік: Астаналық жігіт алдап кетті