Спортшы Қостанайда ұсталған
61 келі салмақта NBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Аслан Мұқанов кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды SPORTINFORM.
Қостанай облысының 31 жастағы спортшысы наурызда ғана National Boxing Association нұсқасы бойынша Әлем чемпионы жүлдесін қанжылаған. Ол бірінші раундта-ақ венесуалық Стивен Монтерросты нокаутқа жіберген.
Бұл – оның кәсіби рингтегі алтыншы жеңісі. Оның бесеуін де алдын ала жеңіспен аяқтаған. Бір жарым жыл ішінде ол осындай үлкен жетістікке жеткен. Колумбияда жаттығып, Нельсон Лопездің өзі оған промоутер болған. Соңғы рет Монтерроспен жұдырық түйістіргенде ол елді сағынғанын жеткізген. Алайда Отанына оралған ол қиын жағдайға тап болып отыр.
11 шілдеде Алтын Дала ауылында 1987 жылғы Серік Пішенбаевтың мүрдесі табылды. Полицияның кезекші бөліміне бейтаныс әйел қоңырау шалған. Оның айтуынша, жігіт көрші ауылға әпкесіне кеткен, бірақ оны біреу пышақтап кетті деген. Кім дегенде Аслан Мұқановтың есімі аталған. Осы оқыс оқиғаға байланысты облыста шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп, спортшы Қостанайда ұсталды.