Алматыда айыппұл төлемегендердің көлігі айып тұрағына қойылуда

06.12.2019 17:06

Шараға «КРИС-П», «ПОТОК-М» мобильді кешендері, жеке сот орындаушылары, қалалық прокуратура жұмылдырылды

Қарызын төлемей қашқандарға тосқауыл. Алматыда айыппұл төлемеген борышкерлердің көлігі айып тұрағына жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шара әкімшілік айыппұл төлемеген жүргізушілерді анықтауға, көліктерді ұстап, айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған. Профилактикалық шараға құқық бұзушылықтар бойынша есепке алу базалары, «КРИС-П», «ПОТОК-М» мобильді кешендері, жеке сот орындаушылары, қалалық прокуратура органдарының қызметкерлері жұмылдырылған. Осыған байланысты, қалалық Полиция департаменті көлік иелеріне айыппұлдарын уақтылы төлеуге шақырады.