Оралда оқушыны зорламақ болған ер адам ұсталды

19.07.2019 17:06

Оқиға Омеги ауданындағы №26 мектепке жақын маңда болған

Оралда Омеги ауданындағы №26 мектепке жақын маңда ер адам оқушы қызды зорламақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» сайтына сілтеме жасап.

18 жастағы Иван Тарасенконың айтуынша, ол достарымен сол ауданда қыдырып жүрген.

«Біз екі жігіттің ер адамды ұстап тұрғанын көріп қалдық. Қасында шамамен 14 жастағы қыз жылап тұр екен. Не болды деп сұрағанымызда, ер адамның оны зорламақшы болғанын айтты. Бір кезде әлгі ер адам қаша жөнелді. Артынан қуып жеттім. Айғайлаған дауыстарды естіген полиция да оқиға орнына келіп жетті», – дейді Иван.

Теги: Орал қыз