Бір аптаның ішінде 13 қалада жалдамалы пәтердің бағасы төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Ресеймен шекаралас аймақтарда жалдамалы пәтердің бағасы айтарлықтай түсті. Соның ішінде Петропавл (-15.2 процент), Қостанай (-10.5 процент) және Орал (-9.6 процент) бар.
Ал Қонаев пен Таразда, керісінше, көтерілді. Алматы облысының орталығында +25.0 процент, ал Жамбыл облысының орталығында 0.9 процентке өсті. Басқа қалаларда бағалардың төмендеуі байқалады.