Астанада өрттен қаза тапқан 5 баланы қалың ел ақтық сапарға шығарып салды

sn.kz
sn.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өрттен көз жұмған бес қыз баланы бүгін қалың ел ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Альбина, Алина, Сабина, Элина және Бақыт есімді балақайлардың жаназасына жиылған жұртта есеп жоқ. Азаматтар бір мезетте бар баласынан айрылған ата-ана мен туған-туыстарына көңіл айтып, қолдауларын білдірді.

«Балаларынан айрылған ата-ананың ауыр қайғысына ортақтаса көңіл айтамыз. Адам еріккеннен тоғыз айлық баласын тастап, жұмысқа кетпейді. Әкесі де, шешесі де амалдың жоғынан түнде жұмысқа барған. Күнкөріске, балаларының тамағы мен киіміне қажетті ақша үшін, «Балаларым ешкімнен кем болмасын» деген оймен, амал жоқ сондай жұмысқа кеткен», – дейді келушілердің бірі Болат НҰРТАЙ.

Түстен кейін Астананың Сарыарқа ауданындағы жеке үйлердің өрт қауіпсіздігі тексерілді. Ахуалды барлаған төтеншеліктер тұрғындардың қауіпке атүсті қарайтынына налиды. Бұл бақыланбайтын алаң, сондықтан біз тек үгіт-насихатпен ғана шектелеміз деді төтеншеліктер.

Айта кетейік, олардың мәліметінше, жыл сайын қалада тіркелетін өрттің жартысынан көбі жеке секторда орын алады.

«Қаншама үйге кіресіз, біреуі есік ашпайды, есігін ашса да, талаптарымызға мән бермейді. Мен оларға «пеш жанына аяқ киім, киім жайып, ағаш қойып қоюға болмайды, алып тастаңыз» деп айтып жатсам да, еш ұмытылыс көрмеймін. Қазір кетіп, бір сағаттан кейін қайтып келсек, солай тұра береді», – деп пікір білдірді Астана қаласы Сарыарқа ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Қуаныш ТОҚСАРИН.

Новости партнеров