Биыл 8 айда теміржол көлігі кәсіпорындарының кірісі 851 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Биылғы қаңтар-тамызда теміржолмен тасымалдайтын компаниялардың кірісі 851 млрд теңгеге жеткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 739,6 млрд теңгені құраған еді. Кірістің басым бөлігі, яғни 786,4 млрд теңге дәстүрлі түрде жүк тасымалы есебінен қамтамасыз етілді. Қалған 64,6 млрд теңгесі жолаушы тасымалына тиесілі», - делінген хабарламада.
Осы жылдың 8 айында теміржол көлігімен 273 млн тонна жүк тасымалданды.
Жүктің көп бөлігі Ақтөбе, Ақмола облыстарында және Астанада жеткізілген. Ел бойынша жүк айналымы 5,4 пайызға өскен.
Атап айтқанда, теміржол көлігімен 13,1 млн адам тасымалданып, бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 32,6 пайызға артық болды. Өңірлер бойынша жолаушылар көбіне елордада, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында сапарлаған.