|
13.06.2023 | 12:08
317

1 шілдеден бастап орманшылардың айлығы өседі

Сонымен қатар материалдық-техникалық қамсыздандыру мәселелері қосымша пысықталады

1 шілдеден бастап орманшылардың айлығы өседі informburo.kz

1 шілдеден бастап орманшылардың айлығы өседі, ал материалдық-техникалық базасы 2027 жылға қарай 100 процентке жаңарту жоспарланған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сұлейменова айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі inform.kz- ке сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінген. Ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге қарастырылған.

-Былтыр және биыл болған өрттерде, жалпы орман шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдайды көрсетеді. Осы мәселені Мемлекет басшысы да айтып өтті. Әрине, осы мәселеге байланысты өртті болдырмау, алдын алу, сонымен қатар материалдық-техникалық қамсыздандыру, орманшылардың жалақы мәселелері қосымша пысықталады, - дедіЗүлфия Сұлейменова Jibek joly телеарнасының «Жаңа уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында.

Семей орманына қаншалықты залал келгенін өрт толық сөндірілген соң арнайы комиссия есептейтін болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир