Сонымен қатар материалдық-техникалық қамсыздандыру мәселелері қосымша пысықталады
1 шілдеден бастап орманшылардың айлығы өседі, ал материалдық-техникалық базасы 2027 жылға қарай 100 процентке жаңарту жоспарланған. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сұлейменова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz- ке сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінген. Ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге қарастырылған.
-Былтыр және биыл болған өрттерде, жалпы орман шаруашылығы саласында қалыптасқан жағдайды көрсетеді. Осы мәселені Мемлекет басшысы да айтып өтті. Әрине, осы мәселеге байланысты өртті болдырмау, алдын алу, сонымен қатар материалдық-техникалық қамсыздандыру, орманшылардың жалақы мәселелері қосымша пысықталады, - дедіЗүлфия Сұлейменова Jibek joly телеарнасының «Жаңа уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында.
Семей орманына қаншалықты залал келгенін өрт толық сөндірілген соң арнайы комиссия есептейтін болады.