«7-20-25»: Алматыда пәтерлер жәрмеңкесі өтеді

10.04.2019 17:08

Жәрмеңкеге Алматыдағы 50 құрылыс компаниясы қатыспақ

Túrkistan

Алматының құрылыс компаниялары «7-20-25» жәрмеңкесіне 1500 пәтер шығармақ, деп хабарлайды «Баспана» ипотекалық ұйымы.

Аталмыш жәрмеңкеге Алматыдағы 50 құрылыс компаниясы қатыспақ. Олар келген азаматтарға қолда бар тұрғын үй туралы, бағасы мен оны «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатып алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат береді.

«Біз Қазақстанның ірі қалаларында өтіп жүрген пәтер жәрмеңкелеріне екінші жыл қатысып отырмыз. Жәрмеңкелер өзінің тиімділігін дәлелдеді, олар сатушылардың, сатып алушылардың және банктердің бір алаңда бас қосуына жақсы мүмкіндік береді. Егер өткен жылы Алматы қаласындағы жәрмеңкеге 35 құрылыс компаниясы қатысса, биыл олардың саны 50-ден асып отыр. Құрылысшылардың «7-20-25» бағдарламасына деген қызығушылығы артып отырғанын ескерсек, енді тұрғын үй кешендерінің дерекқорын жүйелі түрде жаңартып отыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан мамандандырылған интернет-сервистердің үлкен қолдауын сезінеміз», – деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

Айта кетейік, жәрмеңке 13-14 сәуір күндері Dostyk Plaza ғимаратында өтеді.  Жәрмеңкенің ұйымдастырушысы Homsters.kz. онлайн-сервисі.