Елімізде лицензиясынан айырылған 5 жоғары оқу орнының тізімі шықты

28.11.2019 17:08

ҚР Білім және ғылым министрлігі олардың лицензиясын 1 айға тоқтатты

Бұған дейін Қазақстанның 13 жоғары оқу орынында тексеріс жүріп, 5 жоғары оқу орнынан олқылықтар табылған еді. Тағы да 12 жоғары оқу орындарына айыппұл салынып, бір университеттің ісі сотқа жолданған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Нәтижесінде еліміздің Білім және ғылым министрлігі - Шымкент аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Павлодар Инновациялық Еуразиялық университеті, «Алматы» университеті, Өскемен қаласындағы Қазақстан-Американдық еркін университеті және Ақтөбедегі Қазақстан-Ресей халықаралық университеттерінің лицензияларын 1 айға тоқтатты.

Білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетовтың мәлімдеуінше осы 5 жоғары оқу орнында заң бұзушылықтар бірінші рет орын алмаған. Қазіргі таңда Білім министрлігіне жоғары оқу орындары лицензияларын өз бетінше қайтарып алу құқығын беретін норма қарастырылуда.