Бағдарлама аясында 1,3 млн адам жұмысқа орналасып, 51 мың адам жеке бизнесін ашқан
Оның ішінде жастар, мүмкіндігі шектеулі жандар, аз қамтылған азаматтар бар. Бағдарлама аясында 1,3 млн адам жұмысқа орналасып, 51 мың адам жеке бизнесін ашқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 45 мыңнан астам адам оқытылған. Шағын несие алғандардың 90%-ы ауылды жерлерде екен. Осыған орай, премьер-министр жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлді.
«Жастардың әлеуетін дамыту мақсатында «Жас кәсіпкер», «Жас маман» жобалары іске асырылып жатыр. Жастардың жұмыспен қамтылуына ерекше назар аудара отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына нақты индикаторларды көрсете отырып, жастарды жұмыспен қамту бойынша жеке блокты енгізуді тапсырамын», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН.