Нұр-Сұлтанда ер адам жындыханадан қашып кетті

10.10.2019 17:08

Оған адам зорлау дерегі бойынша айып тағылған

Алайда ол алысқа ұзай алмаған. Елорданың полиция департаментінің  мәліметінше, күдікті кеше кешкі 22:40-та құрықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ол Нұр-Сұлтандағы денсаулығында психикалық  ауытқуы бар адамдарды емдеу орталығынан түсте қашып кеткен болатын. Ер адамға қылмыстық кодекстің 120-бабы, яғни зорлау дерегі бойынша айып тағылған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», – делінген хабарламада. 

Тәртіп сақшылары қаладан шығатын аумақта іздестіру шараларын жүргізу барысында келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.