Петропавл әуежайын қайта жөндеу кезінде 70 млн теңге қолды болған

Петропавл әуежайын қайта жөндеу кезінде 70 млн теңге қолды болған
Аталған іске қатысты екі кәсіпкер ұсталып, мемлекетке 68 млн теңге қайтарып берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Көше жарықтарын орнату кезінде 40 миллион, Петропавл әуежайын қайта қалпына келтіру уақытында 70 миллион теңге жымқырылған деп хабарлайды Хабар 24-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

СҚО экономикалық тергеу департаменті журналистерге тек 2019 жылы ғана бюджеттен 300 миллион теңге көлемінде ұрлау фактілері тіркелгенін жариялаған болатын.

Облыстық экономикалық тергеу департаментінің бастығы Нұрымжан Абатовтың сөзінше, 44 миллионның ішіндегі 21 миллионына жобалық-сметалық құжаттарда орнатылуы тиіс құралдардың орнына басқа құралдар орнатылған.

«Орнатылған құралдардың бағасы төмен. Бар болғаны 21 млн тұрады. Ендеше, қалған сома қайда?», - деді ол.

Абатов ұрлықтың беті ашылғанын, іс тергеліп, сотқа жеткенін айтты. Ол тапсырыс беруші қалалық әкімдік қызметкерлерінің жұмысты қалай қабылдағаны қайран қалдырғанын жасырмады.

Абатовтың сөзінше, оны өздері де түсіндіре алмаған.

Айта кету керек, Петропавл халықаралық әуежайы Қазақстан мен Ресейдің 15-аймақаралық ынтымақтастық форумы қарсаңында күрделі жөндеуден өткен болатын. Оған мемлекет қазынасынан 1,1 млрд теңге бөлінді. Алайда, жеме-жемге келгенде, қаржының 68 млн теңгесі қажет мақсатқа қолданылмай, қолды болған. Яғни, бұл ақшаға баста келіскендей әрі құжатта көрсетілгендей қондырғылар қойылмаған.

Осы іске қатысты екі кәсіпкер ұсталып, мемлекетке 68 млн теңге қайтарып берілді. Сотта олардың кінәсі дәлелденіп, әрқайсысы 6 жылдан шартты түрде жазаға кесілді.


Новости партнеров