2 978 теңге берешегі бар қазақстандық банкрот деп жарияланды

elements.envato.com
elements.envato.com
2023 жылы наурызда жеке тұлғалардан сотсыз банкрот деп жариялауға өтініш қабылданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өткен жылдан бастап қазақстандықтарға өзін банкрот деп жариялауға заңды рұқсат берілді. 2023 жылы 8,3 мың қазақстандық «банкрот» статусын алды. Бұл туралы Бірінші кредит бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

- 2023 жылы наурызда жеке тұлғалардан сотсыз банкрот деп жариялауға өтініш қабылданды. Жыл соңына дейін 77 мың өтініш түскен, оның ішінде 62 мың өтініш кері қайтарылды. 8,3 мың қазақстандық банкрот статусын алды. Қарыздың негізгі көрсеткіш сомасы — 962 мың теңге, орташа сома — 1,6 млн теңге, минималды сома — 2978 теңге, - делінген хабарламада.  

Еске сала кетейік, 2023 жылы 3 наурызда елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.

2023 жылы қазандағы жағдай бойынша банкрот деп танылғандар арасында үш мың теңгеге жуық қарызы бар 79 жастағы қария болды. 

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жағдайы қалай

Новости партнеров