Қазақстандық әскерилер арнайы ипотека арқылы үй ала алады

23.10.2019 21:20

Әскерилер үшін «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

«Баспана» ипотекалық ұйымының мәліметінше, әскерилер үшін «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады. Бірақ әскерилер мен арнайы орган қызметкерлерінің ай сайынғы тұрғын үй төлемдерін және жалақыларын ескере отырып, олардың банк тарапынан мақұлдау алу мүмкіндігі артып отыр,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталған жаңашылдық екінші деңгейлі банктер іске асырып жатқан тұрғын үй бағдарламалардың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді және әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелерін шешуге оң ықпал етеді деп күтілуде.

Теги: квартиры