Соңғы тәуліктегі КВИ және пневмония статистикасы белгілі болды

03.08.2020 17:09

Цой баяндамасын қорытындылай келе, карантин шараларын сақтауда әрбір қазақстандықтың үлесі маңызды екенін айтты

news.kaznmu.kz

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«3 тамыздағы мәлімет бойынша, бір тәулік ішінде коронавирустық инфекцияның 1069 зертханалық расталған жағдайы және коронавирустық пневмонияның 798 расталмаған жағдайы тіркелді. Бұл ретте зертханалық расталған КВИ-дан болатын өлім-жітім күніне 34 жағдайды құрады. Зертханалық расталмаған (ковид тәрізді пневмония) өлім-жітім күніне 21 жағдайды құрады», – деді ол.

Цой баяндамасын қорытындылай келе, карантин шараларын сақтауда әрбір қазақстандықтың үлесі маңызды екенін айтты.

«Қазірдің өзінде жағдайдың тұрақтанғанын және біртіндеп жақсарып келе жатқанын байқап отырмыз», – деді ол.

Бұған дейін министр елімізде сырқаттанудың тәуліктік деңгейі 2 есеге төмендегенін айтқан болатын.