Мамандар ауыз қуысындағы қатерлі ісікті анықтау әдістерін бөлісті
Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі адамның даусынан қатерлі ісікті қалай анықтауға болатынын айтты.
Сарапшылар дауыстың өзгеруіне назар аударуға кеңес берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz.
Бұған қоса, жұтынудың қиындауы, салмақ тастау, қан ағу, босаған тістер, жақ сүйектің қозғалысындағы қиындықтар, сондай-ақ шырышты қабықтағы қызыл және ақ дақтар қатерлі ісіктің симптомдары болуы мүмкін.
Мамандар ауыз қуысындағы ісік беттің ішкі жағына, ерін мен қызыл иекке шығуы мүмкін екенін ескертті.
Егер жоғарыда аталған белгілер кездессе, дәрігерге қаралған жөн. Бірақ бұл симптомдар басқа аурулардан да хабар беруі мүмкін.