|
22.01.2023 | 12:11
3015

Екібастұзда 40-тан астам үй тағы да жылусыз қалады

Екібастұзда төрт учаскедегі жылу желілерін жөндеу жоспарланып отыр

Екібастұзда 40-тан астам үй тағы да жылусыз қалады Фото: Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Екібастұзда төрт учаскедегі жылу желілерін жөндеу жоспарланып отыр. Осыған байланысты үш көпқабатты үй, 36 жеке тұрғын үй және 69 заңды тұлға жылудан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ақау бар екі учаскеде жұмыс жүргізіледі: М.Жүсіп көшесі, 58/1 және М.Әуезов, 61/1, 65.

Осыған байланысты үш көпқабатты тұрғын үйге жылу беру бірнеше сағатқа тоқтатылады.

Сондай-ақ Королев көшесінен Әуезовке дейін он тоғызыншы жылу камерасының учаскесі алмастырылады. 36 жеке тұрғын үй мен 56 заңды тұлғада бір тәулік бойы жылу болмайды.

Бұдан бөлек, Қонаева-Бұқар жырау көшесінде ақауы бар учаске ауыстырылады. Осыған байланысты таңғы сағат 9-дан түскі 15:00-ге дейін 13 заңды тұлғаны жылудан ажырату жоспарланып отыр.

Жұмысқа барлығы 6 дәнекерлеуші, 12 слесарь және 4 инженерлік-техникалық қызметкер, сондай-ақ 4 арнайы техника жұмылдырылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир