Алматыда қантты белгіленген баға бойынша сату жалғасып жатыр

Unsplash
Unsplash

Жүргізілген шаралардың арқасында қант бағасы тұрақты күйінде қалып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түйіршіктелген қант бағасының өсуіне жол бермеу шеңберінде, Алматы ӘКК қантты "Magnum", "Small" сауда желілерінде және "Юбилейный", "Столичный" супермаркеттерінде келісін 380 теңгеден сатуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сауда объектілеріндегі сөредегі бағасы сату бағасына 10% аспайтын үстемеақыны ескере отырып қалыптастырылады.

Бүгінде жүргізілген шаралардың арқасында қант бағасы тұрақты күйінде қалып отыр. Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының басқа түрлеріне бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Оқи отырыңыз: Көлігін өтірік техникалық тексеруден өткізгендерге айыппұл мөлшері өседі

Новости партнеров