Күдікті өзімен бірге үйден 100 мың теңге мен зергерлік бұйымдарды алып үлгерген
Алматы полицейлері үйді тонап, қала берді әйелді балтамен ұрған 27 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алматы Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам Түрксіб ауданында жеке тұрғын үй секторында балтамен кезіп жүрген.
«Ерлі-зайыптылар үйлеріне кқонақтан қайтқан. Бірақ отағасы әйелі мен баласын есіктің алдына тастап, өзі ары қарай жұмысына кетеді. Әйел үйіне кірген бетте бірден ас үйде ноутбуктың колонкасы жатқанын көреді. Ары қарай жатын бөлмеде киім-кешектері шашылып жатқан. Сол кезде шкафтарды ақтарып жатқан жерінен еуропалық келбеттегі жігітті көріп қалады. Жәбірленуші әйелді көрген бойда қорыққанынан қаша жөнелген. Алайда, қашып бара жатып қолындағы балтасымен әйелді екі рет ұрып үлгерген. Ол құлап қалғаннан кейін қылмыскер белгісіз бағытқа қашып кеткен», – деп хабарлады Алматы Полиция департаменті.
Күдікті өзімен бірге үйден 100 мың теңге мен зергерлік бұйымдарды алып үлгерген. Іздестіру жұмысына бірден кіріскен полиция қызметкерлері 1992 жылғы бұрын сотты болған жұмыссыз азаматты ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.