|
27.03.2019 | 12:13
4490

Қытайдан Қазақстанға тасбақа алып өтпек болғандар ұсталды

Қорғас шекаралық бақылау отряды заңсыз тауарларды алып өтпекші болған бірнеше азаматты ұстады

Қытайдан Қазақстанға тасбақа алып өтпек болғандар ұсталды

Қорғас шекаралық бақылау отряды заңсыз тауарларды алып өтпекші болған бірнеше азаматты ұстады, деп жазады Baq.kz.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында кеше Орталықтан Қазақстанға қарай қайтып келе жатқан 29 жастағы Қазақстан азаматшасы ұсталды. Ол өзімен бірге 120 дана, жалпы құны 540 000 теңге тұратын «LRS 100-24» маркалы импульстық қуат көзін алып кірмекші болыпты.

Аталған отрядтың «Нұр-жолы» жолаушылар тексеру бөлімшесінде 54 және 55 жастағы екі қазақстандық ұсталды.

«Олар өздерімен бірге жолаушылар автобусымен ҚХР-дан 20 боршатышқан (бурундук), 16 ементұмсық (дубонос) текті құс, 24 бұлбұл, 40 тасбақа, 50 тритон және 10 теңіз шаянанын елімізге алып кірмек болыпты. Заңсыз тауарлар мен жануарлар актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды», – делінген хабарламада.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир