Алматы облысы Алатау қаласының құрамына кіретін жерлер бөлігі қысқарды

kk.wikipedia.org
kk.wikipedia.org
Құжат 11 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың "Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" шешімі дайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес Жетіген ауылдық округінің шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 88000 гектар Қонаев қаласының, Іле және Талғар аудандарының кейбір жерлерін қоса отырып, белгіленсін",- делінген құжатта.

Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылдық округінің шекарасына қосылатын жерлер бөлігінің экспликациясы:

Қонаев қаласы — 10962;

Іле ауданы — 64985;

Талғар ауданы — 12053.

Бұл ретте Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 9 тамыздағы "Алматы облысы Алатау қаласының шекараларын (шегін) белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылады. Осы құжатқа сәйкес Алатау қаласының шегіне жалпы ауданы 88267,0086 га Қонаев қаласы, Іле және Талғар ауданы жерлерінің бөлігі енгізілді.

Құжат 11 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Новости партнеров