Дәрігерлер бір апта бойы сәбидің өмірімен күресті
Қостанайда денесінің 40 пайызы күйіп қалған 8 айлық сәби ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады. Сәби облыстық ауруханаға 21 мамыр күні түскен болатын. Дәрігерлер бір апта бойы сәбидің өмірі үшін күрескен.