42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті алатындардың тізімі кеңейтілді

01.04.2020 17:15

Бір реттік әлеуметтік төлемді еліміздің 3 миллионға жуық азаматы алуға үмітті

© Sputnik / Владислав Воднев

42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті алатын азаматтардың тізімі кеңейтілді. Бұған дейін негізгі ережеге сәйкес, тек ресми жұмыс істейтіндер ғана көмек ала алатын еді. Енді өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, яғни ресми тіркелмей жұмыс істейтіндерге де берілетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президент өзінің мәлімдемесінде айтқандай, көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана көрсетіледі. Бір реттік әлеуметтік төлемді еліміздің 3 миллионға жуық азаматы алуға үмітті. Еске сала кетейік, Қазақстанда Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін жұмысынан мәжбүрлі түрде босап қалғандар үшін мемлекет басшысы әлеуметтік төлем төлеуді тапсырған болатын. Ал, медицина мамандарына үш айы бойы қосымша үстемақы төленеді.

«Дәл осы кезде халық мемлекетке қолдау көрсетуі керек. Бұл – аса маңызды. Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт. Дегенмен біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары», – деді ҚP Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.