Алматыда бейбіт митинг өтті

06.07.2019 17:15

Сары Арқа кинотеатрының артындағы саябаққа 2000-нан астам адам жиналды

Алматыда қазақстандық қоғамды тұрақсыздандыруға және саяси арандатуларға қарсы Nur Otan партиясының «Biz birgemiz!» митингі өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Nur Otan ұйымдастырған митинг болған Сары Арқа кинотеатрының артындағы саябаққа 2000-нан астам адам жиналды. Оған қаладағы кәсіпорындардың жұмысшылары, кәсіпкерлер мен мәдениет, ғылым қайраткерлері де, қоғамдық кеңес мүшелері де қатысты.


Теги: Митинг