Атом электр станциясының құрылысын қолдауымыз керек - қоғам қайраткері

16.08.2024 17:15

Жаңыл Апетова атом электр станциясының құрылысын жақтады

"Жанашыр" халықаралық қоғамдық қорының президенті Жаңыл Амантайқызы Апетова 16 тамызда өткен жария талқылауда атом электр станциясының құрылысын жақтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

- Мен де бір кездері қарсы болдым, өйткені біздің халқымыздың түсінігінде тек Чернобыль және осы апаттың салдары қалған. Сондықтан халық басқа жақсы жақтарын, оның зияны жоқтығын, экологияға зиянды көмірқышқыл шығарындыларының азаятынын, тағы басқа толып жатқан артықшылығын көрмейді, — деп атап өтті ол.

Апетова АЭС жұмысы туралы шетелдік ақпаратты зерделей отырып, әлемнің 32 елінде 400-ден аса атом электр станциясының сәтті жұмыс істеп отырғанына назар аудару керек екенін атап өтті.  

- Егер біз дамыған елдердің қатарына кіргіміз келсе және өз еліміз үшін жау болғымыз келмесе, сауаттымызды арттырып, атом электр станциясының құрылысын қолдауымыз керек, — деді ол өз замандастарын жобаны қолдауға шақырып.

Оқи отырыңыз: АЭС құрылысы: Қазақстанда атом саласы байынша кадрлар бар