Еламан Жолдасовқа тағы бір сот-медициналық сараптамасы жасалды

14.01.2020 в 17:15

Барлық шығындар ҚР Сыртқы істер министрлігінің есебінен өтелді

Мысырда жұмбақ жағдайда көз жұмған Қазақстан елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовқа тағы бір сот-медициналық сараптамасы жасалды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық мамандарының қатысуымен қосымша сот-медициналық сараптаманың қорытындысы әзірге белгісіз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еламан Жолдасовтың денесі Түркістан облысындағы туған ауылында жерленген. Барлық шығындар сыртқы істер министрлігінің есебінен өтеліпті. Жолдасовтың әйелі және балалары қазір Каир қаласында жүр.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің екінші хатшысы Еламан Жолдасовтың жұбайы үйінің кіреберісінен күйеуінің мәйітін тапқан болатын.