|
29.07.2023 | 12:15
550

"Сұмдық, күнде тұрған пластик зиян": желіде тараған танымал сусындардың видеосы жұртты алаңдатты

Видео Instagram парақшада жарияланды

"Сұмдық, күнде тұрған пластик зиян": желіде тараған танымал сусындардың видеосы жұртты алаңдатты Фото видео кадрынан алынған


Әлеуметтік желіде аптапта күнің астында тұрған танымал сусындар партиясы түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Видео Instagram парақшада жарияланды. Онда автор көлікте келе жатып далада күннің астында тұрған сусындарды түсіріп алғаны көрінеді.

"Мына жақта, масқара болып жатыр ғой. Күнге күйіп-күйіп, сосын бізге жетеді екен ғой", - дейді видео авторы кадрдың сыртында.

Видеодан бірнеше танымал брендті байқауға болады. Ол бөтелке сыртындағы қаптамадан көрінеді. Бірақ желі қолданушыларының көбісі кадрлардан Coca-Cola сусындарын байқаған.

Видеоға қатысты пікір білдірушілер ойы екіге бөлінген. Кейбірі күнің астында тұрған өнім бұзылатынын ойлап, ішпеуге кеңес беріп жатыр, ал кейібірі оны ішуге ешкім мәжбүрлемейтінін айтқан.

"Сұмдық, күнде тұрған пластик зиян", "Күнде тұрған пластиктің өзі қорқынышты, газдалған сусындарды айтпағанда", "Далаға дайындап қойған ғой. Қазақстанның түкпір-түкпіріне пойызбен жібереді. Тиеуге қойған ғой", "Тек сусындар емес, сүт те солай тұрады екен", "Ішпеңіз онда, кім мәжбүрлеп жатыр", - дейді желі қолданушылары.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сусын
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир