Оның белгілі ақын Жүрсін Ерманның туған құдасы екені мәлім
Алматыға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебреисус келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желіде ДДСҰ басшысы Алматыға қонаққа келіп, құдаларының дастарханында отырған видеосы тарады.
Шет елден келген қонаққа үй иелері астаумен ет тартып жатыр. Мерекелік кеште Жүрсін Ерманның шетелдік күйеу баласы да бар.
Айта кетейік, ақын Жүрсін Ерман ДДСҰ басшысымен құда. Оның Айдана деген жиен немересі бар. Айдана осыдан бес жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебреисустың үлкен ұлына тұрмысқа шыққан.