Елордалық қардан көгершін мүсіндерін жасауда

14.12.2019 17:16

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы Zhaloby_astana парақшасына жарияланды

Елордалық белгісіз тұрғыны үйлердің қабырғасын қардан жасалған көгершіндермен әрлеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы Zhaloby_astana парақшасына жарияланды.

«Қалдаяқов көшесі, мекенжайындағы үйдің тұрғыны (өкінішке қарай, есімін білмеймін) қабырғаға қардан мынадай әдемі дүниелер жасауда. Оған айналасындағыларды қуантып, жақсы көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс айтам», - деген жазбада.