|
19.07.2023 | 12:17
657

5 жасар қыздың өлімі: Педофилге үкім шығарған сот төрағасы қызметінен кетті

14 шілдеде Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен бүлдіршіннің денесі ауылдасының үйінен табылған

5 жасар қыздың өлімі: Педофилге үкім шығарған сот төрағасы қызметінен кетті ашық дереккөзден

Жақында Сарыағаш ауданында болған жантүршігерлік оқиға бүкіл елді шулатты. Сотты болған адам 5 жасар қызды зорлап, кейіннен айуандықпен өлтірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қыздың өліміне кінәлі адам бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін он жылға жуық түрмеде жазасын өтеп шыққан екен.

Кейіннен қылмыскер бостандыққа шыққан соң осы жылдың мамыр айында көршісіне ауыр дене жарақатын салғаны анықталды. Белгілі болғандай, екі тарап татуласқандықтан, қылмыскерге жеңіл жаза берілген көрінеді.

Енді осы іске қатысты Жоғарғы сот қызметтік тексеру жүргізіп, заңсыз үкім шығару фактісін анықтады.

"Жоғарғы сот тарапынан үстіміздегі жылдың мамыр айында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 14 шілдеде Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында аулада ойнап жүріп жоғалып кеткен 5 жастағы бүлдіршіннің денесі ауылдасының үйінен табылғаны хабарланды.

Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін де сотты болғаны және оның кім екені анықталды.

Бұдан бөлек Тоқаев Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир