Алматылық троллейбус жүргізушісі жұртты таңғалдырды

27.07.2021 в 21:20

Бұған әлеуметтік желілерде тараған суреттер дәлел

Almaty.tv

Бос уақытында спортпен айналысатын №9 троллейбус жүргізушісі жұртты таңғалдырды. Бұған әлеуметтік желілерде тараған суреттер дәлел, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Желі қолданушылардың пікірінше, ер адам дене жаттығуын кез келген жерде, тіпті жұмыс орнында да жасауға болатынын көрсетіп, тұрғындарды жігерлендірген.

Алматылық троллейбус жүргізушісі күн сайын осындай жаттығу жасап, денесін шынықтырады-мыс.

Алайда мұндай жаттығуды қайталамауыңызды сұраймыз.