Сал ауруына шалдыққын 18 жасар жігіт жәрдемақысын ала алмай жүр

Сал ауруына шалдыққын 18 жасар жігіт жәрдемақысын ала алмай жүр
Ал, арбаға таңылған жеткіншекке ота жасату керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда сал ауруына шалдыққын 18 жасар жігіт екі айдан бері тиісті жәрдемақысын ала алмай қиналып жүр. Оған себеп, ақ халаттылар бозбаланың кәмелеттік жасқа толуына байланысты өтуі тиіс комиссияның уақытын тежеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Еркін қимылдай алмайтын  Нұрболат Құсылханның анасы дәрі-дәрмекке қажет қаражатты енді қайдан аламын деп налиды. Айта кету керек, жалғызбасты ана мүмкіндігі шектеулі баласын бір өзі тәрбиелеп отыр.

Нұрболат Құсылхан бала жастан арбаға таңылған. Дүние есігін ашқаннан бері қорқынышты диагноз қойылған ол қатарластарынан оқшауланды. Анасы жұмыссыз, баласының күтімімен үйде отыр. Ай сайынғы мемлекеттен алып тұратын жәрдемақысы жыртығын жамап, көңілге аз да болсын медеу еді. Енді дәрігерлер денсаулығын кешіктіріп тексергеннің салдарынан, бірнеше айға отбасы жалғыз табыс көзінен қағылғаып отыр.

«Ең әуелі мен бұл – дәрігерлердің ағаттығы дер едім. Адамға немқұрайлы қарады деп есептеймін. Баланың Д есебінде тұрғанын жақсы біледі. Бірінші болып солар қимылдау керек қой», – деді Нұрболат Құсылханның анасы Айман ДЮСКЕНОВА.

Осы айдың басында кәмілеттік жасқа толған жеткіншекті тіркеуде тұрған аурухана мамандары алдын ала түбегейлі тексерістен өткізуі тиіс болатын. Алайда, жауаптылар әуелі оның диагнозындағы сипаттамаларын қате толтырып, арнайы мектепті жақсы тәмамдаған Нұрболатқа ақыл - есі дұрыс емес деген диагноз қойып беріпті.

«Менің баламды ақымақ қылды. Ақыл - есі дұрыс емес дейді. Жақсы, физикалық тұрғыдан кем десе мен ештене демес едім, бала өздігінен жүріп тұра алмайды. Баланың интеллектісі төмен емес. Ол барлығын түсінеді», – деді Нұрболат Құсылханның анасы Айман ДЮСКЕНОВА.

Артынша, дәрігерлер кеткен кемшілікті түзетеміз деп шектеулі уақытты тағы да созбақтаған. Осылайша, ай соңына дейін құжаттарды тапсырып үлгермей қалыпты. Кәсіби міндетіндегі қателік басына таяқ болып тиерін білген дәрігер, өз кезегінде менің кінәм жоқ деп ақталуда.

«Біз бұрын Ермековаға қарайтын едік. Жылдың аяғында ауысты. Қаңтарға әзірге жазбаңыздар деп желтоқсан соңында ақпарат берді. Сәйкесінше, біз қалай 18- ге  толды, солай қимылдай бастадық. Қаңтарда графикті айтты», – деді №1 көпбейінді аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігері Бақыт КӨБЕУ.

Комиссия тексерісті барынша үдеткен күннің өзінде, жәрдемақыны енді наурыз айында ғана алады. Мемлекет жәрдемақысынан уақытша қол үзген әйел ай - сайынғы қажет дәрі - дәрмек пен күнделікті азық-түлікті қалай сатып аламын деп қиналады.

"Төлемдер 6 қаңтар күні тоқтатылды. Енді қайтадан куәландырудан өту керек. 25 қаңтар күні біз бір айлық шығындарды есетеп, келесі айға төлемдер жүргіземіз . Яғни, 25-інен кейін тапсырғандар, жәрдемақыны одан кейін бірақ алады», – деді әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша №3 бөлім басшысы Ольга БАГРАЙ.

Шақшадай басы шарадай болған жалғызбасты ана, Нұрболаттың әкесінен де күдер үзгенін айтады. Көкек әке алимент төлемей, қарызы 3 миллион теңгеден асып кеткен. Ал, арбаға таңылған жеткіншекке ота жасату керек. Жанына батқан аурудан аман қалсам, деп күн кешіп жүрген мүмкіндігі шектеулі жігіт қазір кез келген көмекке мұқтаж.

Новости партнеров