|
06.11.2019 | 12:17
2898

Санкт-Петербургтан келген делегация Алматының мәдени ошақтарын аралады

Олар әуелі Ықылас атындағы халық аспаптар музейіне, сосын Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайына барды

Санкт-Петербургтан келген делегация Алматының мәдени ошақтарын аралады

Санкт-Петербургтан арнайы келген делегацияның Алматыдағы сапары жалғасуда. Меймандар бұл жолы қаладағы мәдени ошақтарды аралады. Олар әуелі Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне ат басын бұрды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

1200-ден астам экспонат сақталған мұражай залы жеті тармаққа бөлінген. Әрқайсысы әр кезеңге жіктеліп, сол дәуірдің өнер майталмандары ұстаған аспаптар қойылған. Онда VIII бен X ғасырларға тиесілі сырнай, уілдек, сыбызғы сынды аспаптар қойылған. Делегаттарды қазақ мәдениетімен етене таныстыру үшін «Алатау» этно-фольклорлық ансамблі концерт қойды.

Ресей елінің өкілдері Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінің жұмысымен де танысты. Мұражайда жақында ашылған дәстүрлі «Әрқашан біргеміз» халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесін тамашалады. Көрмеде Ресей, Түркия, Франция, Бельгия, Қырғызстан және Қазақстанның ең үздік қуыршақ шеберлерінің жұмыстары ұсынылған. Қолөнер бұйымдарының арасында тарихи тұлғалар мен ертегі кейіпкерлері, танымал адамдардың портреттері, театр өмірі мен Пушкиннің шығармашылығынан сыр шертетін тұрмыстық көріністер кездеседі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир