Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

 elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы Америка құрама штаттарының Қазақстандағы елшісі Дэниэл Розенблюм айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Дэниэл Розенблюм екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу неге кешеуілдеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Біздің тікелей рейс ашқымыз келеді. Ол идеяны қолдаймыз. Бірақ өкінішке қарай, бұл – өте күрделі процесс. Әуе компанияларының талапқа сәйкес келетін борттары болуы керек. Ал Air Astana-да әзірге ондай борттар жоқ. Қазір сатып алумен айналысып жатыр. Ол біраз уақыт алады», - деді ол инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Дипломат тікелей рейс ашу процесінің жылдамдығы АҚШ-тың авиация органдары өткізетін тексерулерге де байланысты екенін айтты.

«Сондай-ақ біздің (АҚШ тарабының – ред.) АҚШ федералдық авиация әкімшілігі сияқты органдары өткізетін тексерулер мен өзге де көптеген процестер бар. Бұл мәселе Үкіметпен өтетін кездесулерде жиі көтеріледі. Өкінішке қарай, биыл болмайды. Шамалап айтсақ, 2025 жылы болуы мүмкін», - деді елші.

Оқи отырыңыз: Еліміздің қай өңірінде су тасқыны болуы мүмкін

Новости партнеров