Астанада пәтерге ұрлыққа түскен грузиялық азамат анықталды

polisia.kz
polisia.kz
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада пәтерге ұрлыққа түскен грузиялық азамат анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат бірнеше пәтер ұрлығын жасады деген күдікке ілінді. Тәртіп сақшылары Грузияның 52 жастағы азаматын анықтады.

Ол үй иелері ұйықтап жатқан кезде ұрлыққа түсіп, бағалы заттарын көтеріп кеткен. Жәбірленуші бөлменің дәлізінен белгісіз біреу ішінде ақшасы бар сөмкені ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын - шамамен 50 мың теңге. Дәл осындай тәсілмен өзге пәтерден 30 мың теңге ақшасы бар әмиянды ұрлаған. 

Полиция оқиға орнынан куәгерлерден жауап алу барысында, жәбірленушілердің есігінің құлпы ашық қалғанын анықтады. Ер адамның жеке белгілерін анықтап, полицейлер оның ізіне түсті.

Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның бұрын да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда 67 млн теңгеге 9 адамды алдаған алаяқ қолға түсті

Новости партнеров