Алматыда отбасыларды қолдау моделі түсіндірілді
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ләззат Сағынбекова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде бала күтімі кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейін өсетінін хабарлады. Бұл Мемлекет басшысының өз Жолдауында айтқан бастамасының нәтижесінде болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ӨКҚ-ға сілтеме жасап.
Ләззат Сағынбекованың айтуынша, бүгінде балалы отбасыларды қолдау моделі мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің 6 түрін қамтиды. Әлеуметтік кодекс жобасында осы әлеуметтік қолдау шараларының барлығы толық сақталған. Алайда, отбасының жекелеген санаттарын қолдаудың қолданыстағы шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар жаңалықтар енгізіліп жатыр.
«Ең негізгілерінің бірі – бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін бір жылдан бір жарым жасқа дейін ұлғайту. Осы ретте, аталған норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қолданылады. Бұл құқықты жарты миллионға дейін ата-ана пайдаланатын болады. Оған қоса, бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға үміткер әрбір ата-ана оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері соғұрлым жоғары болатынын білуге тиіс. Бұл төлем бүгінде МӘСҚ-ға аударымдар жүргізілген табыстың 40%-ын құрайды», - деп хабарлады ӨКҚ спикері.
Ал жұмыс істемейтін немесе бала туылғанға дейінгі соңғы екі жылда 6 айдан кем жұмыс өтілі бар ата-аналар жәрдемақы мен төлемдерге тек мемлекеттік бюджеттен ғана үміткер бола алады.
«Бүгінде, бала күтімін атқаратын ата-ана еңбек қызметін қайта бастаған жағдайда, бала күтіміне төленетін жәрдемақы тоқтатылуға қажет. Жаңа Кодекс бойынша осы санаттағы отбасыларды қолдау үшін төлемдер тоқтатылмайды және республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшеріне сәйкес төленеді», - деп түсіндірді спикер.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап пилоттық режимде отбасының цифрлық картасын енгізу басталды.
«Карта – бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілді мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы олардың күн сайынғы «электрондық хабарлаушысы». Мемлекетпен қызмет көрсетудің проактивті форматының тағы бір жаңа құралы. Яғни, мемлекет ақпараттық жүйе арқылы азаматқа тиісті органдарға жүгіну қажеттілігінсіз мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады», - деді Л. Сағынбекова.
Бастапқы кезеңде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде отбасылардың әл-ауқатының деңгейін және оларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын айқындау бойынша жұмыс жүргізілді.
Қазірдің өзінде цифрлық картада шамамен 6 млн отбасы мен оның 19 млн мүшесі туралы деректер бар және «отбасы портреті» деп аталатын мәліметтер қалыптастырылды. Карта деректері отбасы және оның мүшелері мәртебесінің өзгеруіне қарай жаңартылады.
Мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы анықталған кезде әлеуетті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін СМС-хабарлама жіберіледі.
Келісім алғаннан кейін – әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың басқа түрлері тағайындалып, кейіннен алушының банк шотына аударылады.
Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылады:
- 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызметтер алу мүмкіндігі ұсынылды;