Бала алған жарақаттарынан сол жерде жан тапсырды
Қарағанды облысында 6 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Көпқабатты үйлердің терезелерінен балалар құлайтын оқиға жиілеуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ата-аналарға ескерту жасады:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
Баланың өздігінен ашылуына жол бермеу үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды!
Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһазды терезелерден алыстатыңыз!
Оқи отырыңыз: Қонаевта ер адам автобуста жолаушыны пышақтап тастады