Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаникалық бақта өткен экологиялық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Елорданың Ботаникалық бағында өткен сенбілікке қатыстым. Елімізді көгалдандыру – табиғатты қорғауға қажетті және қайырымды іс. Осы пайдалы шараға атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіремін. Елордамыз жайлы және жасыл қалаға айналуы керек», - деп жазды Twitter-де Мемлекет басшысы.