Алматылық салық салушылар мобильді аударымдар туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді

Almaty TV
Almaty TV

Барлық іс-шара көлеңкеден шығып, құқықтық әрекетке көшуге дайын кәсіпкерлерге жәрдемдесуге бағытталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Заңғар Шындали Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2024 жылы мобильді аударымдарды қадағалау туралы танымал сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметтің көлеңкесінен шығуға бағытталған.

- Бизнесті жүргізу үшін құқықтық сала аясында кәсіпкерлерге, бизнес пен тұтынушыға тиімді болуы үшін қолайлы жағдайлар жасалуда, - деді Заңғар Шындали.

Мемлекеттік кірістер органдары қызмет көрсету үлгілерін жетілдіруде. Мысалы шағын бизнес үшін оңайлатылған салық режимі енгізілді және МКК арнайы мобильді қосымшасы e-Salyq Business  жұмыс істейді. Оның көмегімен сіз онлайн режимде 2-3 минут ішінде жеке кәсіпкер ретінде оңай тіркеле аласыз және кассалық аппарат сатып алудың қажеті жоқ, яғни чекті осы мобильді қосымша арқылы беруге болады, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы салықты төлеу мүмкіндігі бар, ал салық есептілігін ұсынудың қажеті жоқ, егер де екі ай ішінде қызмет тоқтатылған жағдайда салық органы тіркеуден шығарады. Ал салық мөлшерлемесі айналымның 1 процентін құрайды.

Басқа да жеңілдетілген салық режимдері бар:

Оңайлатылған режимде 3% салық, мысалға 10 000 теңгеден 300 теңге салық төленеді.

Салық төлеуші  бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданған кезде ҚҚС бойынша тіркелу шегі 2,2 млрд теңгеге дейін, ал қызметкерлер саны 200 адамға дейін көтеріледі, жалпы салық ставкасы 2-4% құрайды. Бұл режим жеке кәсіпкерлер үшін де, заңды тұлғалар үшін де 350-ден астам қызмет түріне қолданылады.

Спикер қазір салық міндеттемелерін адал орындау әлдеқайда тиімді екенін атап өтті.

- Салық органдары қолжетімді қызметтердің артықшылықтарын түсіндіруге және салық төлеушілерге айыппұл салуға жол бермеуге назар аударады. Заңбұзушылықтар жасалса да, бірінші рет ескерту беріледі, - деп атап өтті Заңғар Шындали.

Спикер бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейтінін еске салды.

Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді. Тек кірістерін жасыратын немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жеке шотына үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді ақша аударымдарын алған тұлғалар ғана тексеруге жатады.

Жеке кәсіпкерді тіркеусіз жүргізгені үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. Кірістерді жасырғаны үшін төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде (бірнеше рет бұзғаны үшін – 300%), Чек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейінайыппұл салынады.

- Қазіргі таңда БАҚ және әлеуметтік желілерде белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деп толықтырды спикер.

Сондай-ақ азаматтар қажетті ақпаратты алу үшін 1414 байланыс орталығына немесе «KGD_Жалпыға бірдей декларациялау_Мобильдік аударымдар» телеграм каналына хабарласып, сұрақтарға жедел жауап ала алады. Сондай-ақ әрбір мемлекеттік кірістер департаментінде «Кеңес беру орталықтары» бар. Барлық іс-шара көлеңкеден шығып, құқықтық әрекетке көшуге дайын кәсіпкерлерге жәрдемдесуге бағытталған.

Оқи отырыңыз: Алматы экономикасына 2023 жылы тартылған инвестиция көлемі артты

Новости партнеров