«Қазақтың қызы екеніңді ұмытпа»: Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетті

«Қазақтың қызы екеніңді ұмытпа»: Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетті
Сайрагүлге босқын мәртебесін беру мәселесіне қатысты сот ісі әлі жалғасуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге Швецияға қоныс аударды, деп жазды адвокат Айман Омарова әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, Сайрагүл дамыған елдердің біріне өмірін жақсарту үшін отбасымен бірге кеткенге ұқсайды.

«Қош бол, Сайрагүл! Жолың болсын! Бақытты бол! Қытайдан қашып, Атажұртыңа асығып келгенде пана бермесе де, енді  дүние жүзіндегі ең бір дамыған мемлекет есігін ашты! Сен әрдайым нағыз қазақтың қызы екеніңді ұмытпа!», – деді Айман Омарова.

Олар бұған дейін Швециядан баспана сұрап, БҰҰ-на құжат жіберген.

«Біз бұған дейін үшінші елден көмек сұрайтынымызды айтқан едік қой. Негізі БҰҰ сот өтпей, ешқашан рұқсат етпейтін. Заңда да солай. Бірақ мен АҚШ-қа өтініш жасадым. БҰҰ-на барлық мән-жайды жеткіздік. Ұйымның босқындар жөніндегі комиссариаты Сайрагүлге ерекше жағдай жасады, Швеция өздеріне қабылдайтынын айтып, келуіне рұқсат берді», – деді адвокат.

Айта кетейік, Сайрагүлге босқын мәртебесін беру мәселесіне қатысты сот ісі әлі жалғасуда.


Новости партнеров