Бүгін Алматыға жылу беріледі

15.10.2019 17:20

Бұған дейін әкімдік жылу беру маусымына 100 пайыз дайындығын мәлімдеген болатын

inshelkovo.ru

Бүгін Алматыға жылу беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін кешке дейін қала бойынша барлық тұрғын үйлерге жылу беріледі», - деді Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.

Бүгін Алматыда синоптиктердің болжамына сәйкес, ауа температурасы 12 градусқа дейін жылынады. Бұған дейін әкімдік жылу беру маусымына 100 пайыз дайындығын мәлімдеген болатын.

Толық көрсету