Қарағандыда бір тәулікте 26 жол апаты орын алды
Апат салдарынан төрт жолаушы ауруханаға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) 26 жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды tengrinews.kz
«Қарағанды – Теміртау» тасжолында SsangYong маркалы автокөліктің 35 жастағы жүргізушісі көктайғақ салдарынан, тізгінге ие бола алмай,
Toyota және Lada Priora көліктеріне соқтығысқан. Соның салдарынан SsangYong көлігіндегі бір жолаушы және Lada Priora автомобилінде отырған төрт жолаушы әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Жол апаты биыл 18 сәуірде болды", - деді өңірлік полиция департаментінің өкілдері. Қарағанды облыстық полиция департаменті тағы да жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды және ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда сақ болуға шақырады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10