Салық төлемегендерге «20 мың теңге айыппұл салынады» деген өтірік болып шықты

18.09.2019 17:20

Десе де, жылжымайтын мүлік салығын 1 қазанына дейін, ал, автокөлік үшін 31 желтоқсанына дейін төлеу керек

Салығын төлемегендерге айыппұл салынады деген ақпарды мемлекеттік кіріс комитеті жоққа шығарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Соңғы кездері әлеуметтік желі арқылы тараған мәліметте 1 қазанға дейін салығыңызды төлемесеңіз, 8-айлық есептік көрсеткіш немесе 20 мың теңге төлейсіз делінген. Мемлекеттік кіріс комитетіндегілердің хабарлауынша, салық кодексінде кешіктірілген жағдайда ешқандай айыппұл салу көрсетілмеген. Десе де, жылжымайтын мүлік үшін салықты осы жылдың 1 қазанына дейін, ал, автокөлік үшін биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеу керек дейді мамандар.