Қазақстанда карантин жеңілдетіледі, соған байланысты жұма намазын мешіт ішінде оқуға рұқсат беріліп отыр
Елімізде 27 қыркүйектен бастап жұма намазы мешіт ішінде оқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады.
27 қыркүйектен бастап жұма намазы жабық орын-жайларда оқылады. Алайда қызметкерлер мен келушілердің статусы Ashyq-та «қауіпсіз» болуға тиіс.
«Жасыл» аймақта тұрған өңірлерде мешіт ішінің адамдарға толуы 50%-тен, «сары» аймақта 30%-тен, «қызыл» аймақта 20%-тен аспауы керек.
Қазір жұма намазы мешіт ауласында оқылып келді.
Дереккөз: sputnik.kz